Жастар ресурстық орталығы: АЭС құрылысы туралы кездесу өтті

Жастар ресурстық орталығы: АЭС құрылысы туралы кездесу өтті

АЭС салу жөніндегі республикалық референдумды түсіндіру мақсатында Жастар ресурстық орталығының директоры Кожахметов Данияр Куанышович және Жастар азаматтық бастамалар орталығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ахметжанов Амангелді Серікұлы Altynsarin institute студенттерімен кездесті.

Бас қосуда спикерлер АЭС туралы түсіндіру жұмыстарын тыңғылықты жүргізіп, өңірімізге атом электр станцияларын пайдалану жаңартылған энергия көздерінен айтарлықтай артықшылығы бар екенін жеткізді.
Институт жастары жалпыұлттық референдумға шығарылған мәселе бойынша өз пікірлерін білдіріп, келген спикерлерге атом энергетика саласының болашағы, тәжірибе жинақтау және мансаптық даму мүмкіндіктері туралы сұрақтарын қойды. Өз кезегінде сарапшылар бұл мәселенің ел болашағы үшін стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Айта кетейік, 2 қыркүйекте Қазақстан астанасында парламенттің жаңа сессиясы ашылды. Парламент сенаты мен мәжілістің бірлескен отырысында «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» деген тақырыппен халыққа жолдауын жариялаған президент Қасым-Жомарт Тоқаев елде атом электр стансасын салу мәселесіне қатысты жалпыұлттық референдум биылғы 6 қазанда өтеді деп мәлімдеді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ