«Отбасы банк» АҚ өкілдерімен кездесу

«Отбасы банк» АҚ өкілдерімен кездесу

2024 жылғы 18-20 қыркүйек аралығында Altynsarin institute-да «Ұлттық қор – балаларға» ақпараттық – түсіндіру бағдарламасы аясында ЖОО студенттері мен қызметкерлерінің «Отбасы банк» АҚ филиалының өкілдерімен кездесуі өтті.

Презентация форматында өткен кездесуде ЖОО қызметкерлерінің алдында спикерлер тұрғын үй және білім беру салымын ашу бағдарламасы туралы айтып, қаржылық сауаттылық туралы құнды білімдерімен бөлісті.


Қонақтар бағдарламаларға қатысу үшін қажетті қадамдар бойынша егжей-тегжейлі нұсқаулар берді, сондай-ақ несие жүйесі туралы пайдалы ақпаратпен бөлісті. Банк өкілдері ақпараттық буклеттер таратып, сұрақтарға жауап берді.

Студенттермен кездесу барысында банк мамандары студенттерге «Ұлттық қор – балалар» жобасына сәйкес Ұлттық қордың инвестициялық табысының жартысы жыл сайын 18 жасқа дейінгі балалар арасында бөлінетінін түсіндірді.
Студенттер бағдарлама туралы пайдалы және өзекті ақпарат алды, сонымен қатар тұрғын үй мен білім беру салымын қалай ашуға болатындығы туралы сөз етті. Банк өкілдері студенттерге қандай құжаттар қажет екенін кезең-кезеңімен көрсетті: ЭЦҚ болуы, шот ашу және т. б.

Айта кетейік, бала 18 жасқа толғаннан кейін оған ұлттық сақтандыру қорында мақсатты жинақтаушы шоттар ашылады. Бұл шоттағы ақшаны тұрғын үй мен білім алуға пайдалануға болады. Сондай-ақ студенттерге «Отбасы Банктің» электрондық цифрлық қолтаңба кілті мен депозиттік шоттарын қалай ашу керектігі айтылды.

Үш күн ішінде банк өкілдері осы мәселелер бойынша құнды кеңестер мен практикалық ұсыныстармен бөлісті, бұл студенттер мен оқытушыларға қаржылық тұрақтылық пен өмірлік мақсаттарға жету үшін қандай қадамдар жасау керектігін жақсы түсінуге көмектесті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ