Altynsarin Institute-да 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті

Altynsarin Institute-да 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында биыл алғаш рет 1 қазан – Жоғары білім қызметкерлері күні аталып өтті.

Институт ұжымы мен шақырылғандар қонақтар акт залында өткен концерттік шараға қатысты. Концерттік бағдарлама Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлының құттықтау сөзімен ашылды. Ардагерлер мен зейнеткерлерге институт дамуына қосқан үлестері үшін алғыс айтып, оларға зор денсаулық, мейірім мен ұзақ ғұмыр тіледі.

Сонымен қатар, жоғары білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген оқытушы-педагог, ғалымдар бірнеше марапаттарды иеленіп, үздіктер қатарынан орын алды.
Жаратылыстану мен ақпараттандыру факультетінің оқытушылары мен студенттер өнері көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Айта кетейік, биыл «1 қазан – Қазақстан Республикасының жоғары білім қызметкерлері күні» Еңбек министрлігінің 2024 жылғы 11-маусымдағы бұйрығымен Кәсіби мерекелердің тізбесіне енді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ