Комплаенс-қызмет басшысы студенттермен кездесті

Комплаенс-қызмет басшысы студенттермен кездесті

2024 жылдың 2-3 қазанда комплаенс-қызмет басшысы А. Е. Мансуров Altynsarin institute 1-3 курс студенттерімен кездесу өткізді. Кездесуге 200-ден астам адам қатысты.

Кездесуде Әділбек Ерланұлы білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша әңгіме жүргізді. Институт студенттеріне Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Республика заңнамасының талаптары, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері жеткізілді, сондай-ақ ЖОО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметінің функциялары мен өкілеттіктері бойынша түсіндірілді.

Кездесу барысында студенттер еркін және ашық форматта сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және оның алдын алуға қатысты өзекті сұрақтарын қойды, оларға спикер жауаптар мен түсініктемелер берді.
Соңында қызмет басшысы студенттік өзін-өзі басқаруға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жандандыруды, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою, Академиялық адалдық пен парасаттылық қағидаттарын сақтау бойынша қосымша алдын алу шараларын қабылдауды ұсынды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ