«Жас педагогтар» мектебі өз жұмысын бастады

«Жас педагогтар» мектебі өз жұмысын бастады

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Жас педагогтар» мектебінің «Академиялық жазылым» тақырыбында алғашқы сабағы өтті.

Прогрессивті білім беру құндылықтарын игеру арқылы жас педагогтың жеке кәсіби стилін қалыптастыру және академиялық алаңда педагогикалық тәжірибелермен сүйемелдеу мақсатында құрылған мектептің жұмысы қарқынды бастау алды.
Altynsarin institute-ның 25-35 жас аралығындағы оқытушыларын қамтыған педагогикалық алаңда Академиялық мәселелер бойынша проректор Жанна Азатқызы жетекшілік етті.
Оқу үдерісіндегі кәсіби, әдістемелік мәселелерді анықтау, оларды шешуде жас педагогтерге көмек көрсету функционалдарын меңгеруге дәнекер болған мектептің алғашқы спикері, phD Сәлімжанов Нұрсұлтан Өмірханұлы болды.
Ол шығармашылық орта үшін «Академиялық жазылым» тақырыбында тың кейстер ұсынды. Сәйкесінше жұмыс барысы қызу талқылаумен өрби түсті.
Жанна Азатқызының айтуынша, «Жас педагогтар» мектебі айына екі мәрте ұйымдастырылып, оқытушыларды тәжірибелік дағдыларға баулиды, дәстүрлі және жаңа педагогикалық технологияларды игерулеріне жағдай жасайды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ