Altynsarin institute-на облыс әкімі орынбасарының сапары

Altynsarin institute-на облыс әкімі орынбасарының сапары

2024 жылдың 6 қарашасында Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ-ға Қостанай облысы әкімінің орынбасары Ринат Зәкиұлы Мұхаметқали келді.

Сапар барысында институттың қызметімен танысты. Қонаққа институт бойынша экскурсия ұйымдастырылды. Оқу кабинеттерін, мұражайларды, мамандандырылған кабинеттер мен зертханаларды аралап, студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауап берді.

Танысудан кейін институттың акт залында профессорлық-оқытушылық құраммен, ұжыммен және студенттермен кездесу өткізіп, өңірдің даму болашағына тоқталды. Қазіргі әлемдегі жоғары білімнің үшінші миссиясының рөлі мен маңызы талқыланып, жоғары білімнің үшінші миссиясын жүзеге асыруға институттың қатысу дәрежесі қарастырылды. Ринат Зәкиұлы әңгіме барысында жоғары оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына да ерекше тоқталды.

Институт қызметіне баға берген Ринат Зәкиұлы жүргізіліп жатқан реформалардың өзектілігі мен уақытылылығын атап өтті. «Ғылыми көзқарас өңіріміздің әлеуметтік-экономикалық дамуын жақсартуға және дамытуға жаңа мүмкіндіктер туғызатынына сенімдімін», – деп атап өтті облыс әкімінің орынбасары.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ