Жас педагогтар мектебі әдістемелік алаңда бас қосты

Жас педагогтар мектебі әдістемелік алаңда бас қосты

2024 жылдың 15 қарашасында «Жас педагогтар» мектебінің жұмыс жоспарына сәйкес педагогика және филология факультетінің аға оқытушысы Қ.С.Нұрсали «Zotero оқытушыларға арналған: кітапхананы ұйымдастыру және басқару» семинарын ұйымдастырды.

Семинар жұмыстары қамтыған міндеттер: оқытушылар мен зерттеушілер үшін бағдарламаны пайдаланудың артықшылықтарын көрсету; цифрлық кітапхананы ұйымдастыру-дереккөздерді қосу, тақырыптық қалталарды құру және тегтерді пайдалану; библиографияны әр түрлі стильде (numeric, APA, MLA, Chicago т.б.) дәйексөздеу және безендіру процестерін автоматтандыру.

Семинардың практикалық бөлімінде қатысушылар Zotero-ны өз құрылғыларына орнатып, құрастырды; сандық кітапханаға дереккөздерді қосты; автоматты дәйексөз функцияларын тексеру сынды алгоритмді орындады.
Әдістемелік алаңда мұғалімдер Zotero-ның негізгі функцияларын игерді, бұл оларға ғылыми дереккөздермен жұмысты оңтайландыруға және жарияланымдарды рәсімдеуге уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Жас оқытушылар Zotero-ның ыңғайлылығы мен қолжетімділігін атап өтті, сондай-ақ бұл құралды өзінің академиялық және педагогикалық қызметінде қолдануға ниет білдірді.
Семинарға қатысушыларға алғыс білдіреміз және «Жас педагогтар» мектебінің кезекті іс-шараларына шақырамыз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ