Түркі әлеміндегі білім және ғылым саласындағы интеграция
2024 жылдың 22 қараша күні Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің Химия, Биология, География білім беру бағдарламасының ұйымдастыруымен «Түркі әлеміндегі білім және ғылым саласындағы интеграция» тақырыбында Нигде қаласында орналасқан Nigde Ömer Halisdemir University-нің профессоры Hikmet Koraş-пен дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстел барысында Түркі әлемінің тарихи және мәдени байланыстары, Түркі мемлекеттеріндегі білім беру жүйесінің ерекшеліктері, Білім беру деңгейлері: жоғары оқу орындарындағы ғылыми зерттеулер, Түркі мемлекеттеріндегі халықаралық оқу және ғылыми бағдарламалар туралы пікір алмасты.
Айта кетерлігі, шараға Химия, Биология, География білім беру бағдарламасының профессор-оқытушылар құрамы мен 1,2,3 курс студенттері қатысты.