«Қаржылық сауаттылық» оқыту курсы

«Қаржылық сауаттылық» оқыту курсы

2024-2025 оқу жылы барысында қараша айының 25-29 күндері арасында Ы Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының барлық білім беру бағдарламаларының 1 курс студенттері арасында «Аманат» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасы аясында «Қаржылық сауаттылық» курсы ұйымдастырылып өткізілді. Дәріс жүргізуші қаржы сарапшысы Шәріп Рүстем Ғалымқазыұлы.

Қаржылық сауаттылық – қаржыны тиімді басқаруға мүмкіндік беретін білім. Оның мақсаты жалпы қаржы саласына деген дүниетанымды кеңейту, сол арқылы жаңа мүмкіндіктерді ашу және қаржылай зиян әрі шығын келтіретін жайттардан сақтандыру.

Бүгіндері отбасы бюджетін жүргізудің қажеттілігі, кіріс-шығысты реттеу, банктерден қалай тиімді несие алуға болатындығы, халықтың цифрлық және қаржылық сауаттылығын арттыру бойынша оқыту курстары әр өңірде жүргізіліп жатыр.
Жоба идеологиясы қаржылық еркіндікке апаратын жол. Жоба жеке қаржыны тиімді басқару мен қаржылық қиындықтардың алдын алу үшін білім мен пайдалы құралдарды ұсына отырып қаржылық әл ауқатты жақсартуға ұмтылу.

Жалпы «Қаржылық сауаттылық» оқыту курсы студенттердің қызығушылығын туғызып, дәріс барысында сұрақтарға жауап беріп өз ойларын жеткізе білді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ