"Денсаулық – 2025" бастау алды

"Денсаулық – 2025" бастау алды

Дәстүр бойынша қысқы каникул кезеңінде жоо-да профессор-оқытушылар құрамы мен құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері арасында "Денсаулық – 2025" Спартакиада өтеді. Биыл спорттың 6 түрі бойынша өткізіледі: волейбол, дойбы, үстел теннисі, баскетбол, дартс, арқан тарту.

Спартакиаданың салтанатты ашылуында ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет, Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Талғат Ещжанов сөз сөйледі.

Олар спорттық іс-шара институт оқытушылары мен қызметкерлерінің рухын көтеріп қана қоймай, бірлескен жұмысқа да көмектесетінін атап өтті.
Бүгін дойбы мен дартс бойынша жарыстар өтіп, волейболдан матчтар аяқталды. Ойындарға барлық факультеттер, әкімшілік-басқару персоналының қызметкерлері қатысты.

Барлық қатысушыларға спорттық жеңістер тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ