Altynsarin институтында ректордың міндетін атқарушы таныстырылды

Altynsarin институтында ректордың міндетін атқарушы таныстырылды

Altynsarin институтында Басқарма төрағасы – ректор міндетін атқарушы Талғат Есмаханбетұлы Ещжанов ресми түрде таныстырылды.

Іс-шара кеңейтілген Ғылыми кеңес аясында өтті, оған профессор-оқытушылар құрамы, ЖОО қызметкерлері, декандары, сондай-ақ қала әкімінің орынбасары жиналды. Жаңа басшыны ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі аппаратының басшысы Мадияр Қожахмет таныстырды.


Ректордың жаңа м. а. философия докторы (PhD). Білім беру саласында 20 жылдан астам уақыт қызмет атқарып келеді. Арқалыққа келгенге дейін Сулейман Демирель университетінде кафедра меңгерушісі, университеттің оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры, "Астана"Халықаралық университетінің Педагогикалық институтының директоры қызметтерін атқарған. Мичиган университетінде тағылымдамадан өтті.

Мадияр Қожахмет Ержан Әмірбекұлының басшылығымен көп жұмыс жасалғанын және институттың игілігі үшін сол жұмыстың іске асырылатынын атап өтті. "Бірақ жұмыс тоқтамауы керек. Қазір институт өте үлкен өзгерістердің алдында тұр. Оның бірі – үкіметте институтты университет мәртебесіне ауыстыру туралы қаулы қаралуда. Осыған байланысты бірқатар өзгерістер күтілуде".
Өз сөзінде Министрлік өкілі ректордың м.а. құттықтап, жаңа басшылыққа және ұжымға жаңа жылда табыс тіледі.
Өз кезегінде Басқарма төрағасы – ректор м.а. Талғат Есмаханбетұлы институттың дамуы мен өркендеуі үшін барлық күш-жігерін жұмсауға, осы сенімді ақтауға және ғылым мен білім саласында қызмет етуге дайын екенін айтты.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ