28 ақпанда 2020 жылы «Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері» кафедрасының аға оқытушылары Бошыбаев Тұрғанбек Балтабайұлы мен Оразбекова Роза Сүндетбекқызының ұйымдастырумен «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінде әлемге әйгілі ойшыл, философ, социолог, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист, логика, музыка зерттеушісі Әбу Насыр Әл-Фарабидың 1150 жылдығына арналған «Әл-Фараби – Шығыстың ғұлама ғалымы» атты дөңгелек үстел болып өтті.
Іс - шараның мақсаты: студенттерге Аристотельден кейінгі екінші ұстаз Әл-Фарабидің өмірі, еңбек жолы туралы түсінік беріп, ғұламаның жан-жақты ерекше тұлға болғандығын айтып жеткізу және шығармашылықтан үзінді келтіре отырып, мән-мағынасын ашуға, негізгі ойды өз сөздерімен жеткізе білуге жетелеу болды.
Дөңгелек үстелге «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Р.Аймағамбетұлы, кафедраның профессор-оқытушылар құрамы, «Білім» топтары мамандықтарының 1, 3, 4 курс студенттері қатысты. Аталған тақырыпта презентация беріліп, баяндамалар жасалып, Әбу Насыр Әл–Фарабидің өмірімен, шығармашылығымен таныстырылды. Қатысушыларға «Әл-Фараби – өркениет философы» атты бейнебаян көрсетілді.
Әбу Насыр Әл-Фарабидың философия, әлеуметану, логика, саласындағы шығармашылығына байланысты «Даналар әлеміндегі ұлы тұлға: Әл-Фрабидің ғылым мен мәдениетте алатын орнымен рөлі» атты негізгі баяндаманы аға оқытушысы, магистр Елеусов Баубек Аймаханұлы жасады. Сонымен қатар институттың әр түрлі мамандық студенттері: Cәрсенбаева Айгерім Жайлаубайқызы, Жақсылық Шолпан Абдыхалыққызы, Балкен Айнаш мағыналы баяндамаларын оқыса, «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығының 1 курс студенттері Апбазхан Балғын «Ұлы ұстаз», Құдайбергенова Патима «Әл-Фарабиға» арнау өлеңдерін нақыша келтіре оқыды.
Дөңгелек үстел соңында студенттердің өз ойларын ашық, анық айту мақсатында ортаға ортақ тақырып қозғалды.
Әл-Фараби – тек қана қазақ немесе түркі халықтарының ұлы тұлғасы емес, ол әлемдік көлемдегі ірі тарихи тұлғалардың бірі. Әлемдік өркениеттің дамуына өзіндік үлес қоса отырып, адамзат қоғамының білім, ғылым, ой-сана құндылықтарының қалыптасуына ерекше үлес қалдырған ұлы ұстаз. Қазақ жастары осындай әлемдік көлемдегі бабаларының есімдерімен мақтана жүруі керек. Дөңгелек үстелді қорытындылаған «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Роман Аймағамбетұлы осындай ойын білдірді.