28 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында қазақтың ұлы ақыны-ағартушысы, философ, гуманист және қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ұлылардың ұлысы - Абай" атты әдеби музыкалық ән кеші өтті.28 қараша күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында қазақтың ұлы ақыны-ағартушысы, философ, гуманист және қазақ классикалық әдебиетінің негізін қалаушы Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай "Ұлылардың ұлысы - Абай" атты әдеби музыкалық ән кеші өтті.
Іс-шараны ұйымдастырған "Музыка және бейнелеу өнері" кафедрасының аға оқытушысы М.С.Бегалова және 1,2,3 курс студенттері.
Біздің заманымызға дейін Абайдың 36 әні жетті. Алайда, олардың әрқайсысы бірнеше нұсқада белгілі, бұл әрине ауызша шығармашылық жағдайында, әр орындаушы өзінің әуенді оқып-үйренгеніне байланысты. Әдеби-музыкалық іс-шара 1 курс студенті Олжас Қапанның орындауындағы Абайдың "Сегіз аяқ" әнімен ашылды.
Абай әндері бүгінде авторлық және халық шығармашылығының синтезі. Ақынның барлық әндері әр түрлі жанрда. Олар: "Айттым сәлем, Қаламқас", "Көзімнің қарасы", "Әсемпаз болма әрнеге" орындаушылар 2 курс студенттері Жоламан Нағашыбаев, Әлия Елеупова, Нұртөре Тұрысбек және 1 курс студенті Аружан Әуезханова.
Абай өз өлеңдерімен бірге, орыс ақындары М.Лермонтов, А.С.Пушкин өлендерін аударып, оларға өз әуендерін жазған. Басқа әнші-композиторлардан айырмашылығы Абай өз әндерін үлкен аудиториялар алдында шырқамаған, айтыста өнер көрсетпеген. Оның әндерін оқушылар, оның талантын қадірлеушілер, танымал халық әншілері таратқан.Абай әндері бұл күндері жеке дауыста дәстүрлі домбырамен, қобызбен, фортепияномен қосылып, хор, ансамбль, оркестрлердің сүйемелдеуімен әншілердің орындауында айтылып жүр.Әдеби музыкалық кеш "Қарандағы түнде тау қалып" әнімен аяқталды.
Абай шығармашылығы өткен және қазіргі уақыттың көрінісі болып табылады: оның сөздері өшпес, ал ұрпақтарына қалдырған мұра халық жадында қалады.