ББ сипаттамасы

«6В01511 – География және тарих»
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Мақсаты: Кәсіби білікті география және тарих мұғалімдерін даярлау. Қазіргі еңбек нарығында бәсекеге қабілетті заманауи пәндік, коммуникативті, цифрлық құзыреттілігі бар география және тарих пәндерінің кәсіби білікті мұғалімдерін даярлау.
Оқыту нәтижелері:
Білім беру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін түлек:
- білім беру және тәрбиелеу үрдісіне психологиялық-педагогикалық талдау жасайды, ұлттық идеялар мен мұралар негізінде оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастырады;
- заманауи оқыту әдістері, критериалды бағалау технологиялары негізінде тиімді оқыту мен оқуды тәжірибеде қолданады, оқу-бағдарламалық құжаттарды ажыратады, педагогикалық іс-әрекетке рефлексиялық талдау жүргізеді, кәсіби ортада қарым-қатынасты педагогикалық сауатты жүзеге асырады;
- педагогикалық және психологиялық шеберлік негіздерін қолданады, сынып ұжымында оқу процесін және тәрбие жұмысын ұйымдастыруда білім алушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес салауатты, қолайлы және қауіпсіз ортаны қалыптастырады, адамның қоршаған ортамен өзара әрекетін экологиялық тұрғыдан сауатты бағалайды;
- эксперименталды және жобалық іс-шараларды ұйымдастыру және зерттеу, білім алушылардың ғылыми көзқарастарын қалыптастыру мен дамыту жолдарын сыни тұрғыдан таңдайды;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және кәсіпкерлік негіздері саласында теориялық білім мен практикалық дағдыларды кәсіби ортада пайдаланады.

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502