«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесі

Roman agay

Аймағамбетұлы Роман
«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің міндеттері:

- Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Стратегиясын және «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» (12 сәуір 2017 жыл) және «Ұлы даланың жеті қыры» (21 қараша 2018 жыл ) бағдарламалық мақалаларының идеясын жүзеге асыру мақсатын көздейді;
- «Рухани жаңғыру» идеясынан туындайтын қоғамдық сананы жаңа жағдайға бейімдеу, ұлттық кодты сақтау бағытындағы ғылыми-зерттеулерді ұйымдастыру, халыққа насихаттау және орындау жұмыстарын жүргізу;
- Студенттерді осы бағыттағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына тартуға жағдай жасау, ұйымдастыру және жүргізу.

«Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің функциялары:

- Жобалық кеңсенің басшылығымен институт профессор-оқытушылар құрамы мен арнайы шақырылған мамандар күшімен «Рухани жаңғыру» идеясы негізінде қазақстандық жастарды мемлекет құраушы ұлттың тарихын құрметтеуге, өткеніміздің құндылығы жойылмаған әдет-ғұрпының дұрыс тұстарын жаңа ғасырға бейімдеу, прагматизмді насихаттау, білімге құрмет көрсету арқылы патриоттық, рухани, адамгершілік, этникалық, қоғамдық келісім және толеранттылық негізінде тәрбиелеу бағытында ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен әр түрлі шаралар өткізуге атсалысу;
- «Рухани жаңғыру» аясында ұйымдастыру іс-шаралары, бағдарламалық ақпараттануы, мақаланың басты қағидаттарын қабылдауы бағытында құрылымдардағы тақырыптық конференциялар, дөңгелек үстелдер, пәнаралық зерттеулер тағы басқа да ғылыми іс-шаралар, жобалар жасақтауды үйлестіру;
- қоғамдағы ұлт бірлігі, бейбітшілік, руханият, келісім, азаматтық қоғам мәселелерімен айналысып жүрген ғалымдармен байланыс орнату, ғылыми жобалар мен бағдарламаларға қатысу;
- Ғылыми-зерттеулер нәтижелерін жариялау.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502