Басқарма Төрағасы-Ректор

Rector

Әмірбекұлы Ержан

Ержан Әмірбекұлы Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы – Ректоры қызметіне Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2022 жылғы 19 қазандағы бұйрығымен тағайындалды.
1998 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін үздік бітіріп, еңбектегі қызметін осы университетте оқытушысы ретінде бастады. 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік басқару академиясының аспирантурасына оқуға түсті.
2004 жылы кандидаттық диссертация қорғағаннан кейін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетіне оқытушы болып жұмысқа қабылданды. Осы кезеңнен бастап оқытушы, аға оқытушы, доцент, профессор, «Экономика» кафедрасының меңгерушісі лауазымдарында қызмет етті.
2006-2009 жылдары докторантурада білім алып, 2010 жылы докторлық диссертация қорғады. 2018 жылы оған ҚР Ғылым және білім министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің бұйрығымен профессор атағы берілді.
2011 жылы «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын иеленді.
2014-2015 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығында Басқарма басшысы болды.
2015-2018 жылдары Қазақ экономика, қаржы және халықаралық сауда университетінде Халықаралық бизнес-мектебінің директоры, академиялық қызмет және ғылым жөніндегі проректор қызметін атқарды.
2016 жылы Испаниядағы European University-де іскерлік басқару магистрі (MBA) академиялық дәрежесін алды.
2017 жылы «Қазақстан Республикасының ғылымын дамытуға қосқан еңбегі үшін» төсбелгісімен марапатталды.
2018-2020 жылдары Тараз мемлекеттік педагогикалық университетінде ректор болып жұмыс жасады.
2020-2021 жылдары Тараз өңірлік университетінің І-проректоры, ректоры қызметтерін атқарды.
2021 жылдан бастап 2022 жылғы 19 қазанға дейін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім Департаменті директорының орынбасары / Комитеті төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502