Халықаралық ынтымақтастық 2016 жыл
Халықаралық академиялық және ғылыми тұтастықты дамыту мақсатында институт оқытушылары шетелдік оқу орындарымен тығыз байланыс жасайды.
2015 жылдың 13 қарашасы мен 9 желтоқсан аралығында біліктілігін көтеру мақсатында «Дене мәдениеті және спорт» кафедрасының аға оқытушысы Сафаргалиева Гүлфия Надимқызы Германия мемлекеті Дюссельдорф қаласында білімін жетілдірді.
2015 жылдың 5 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында Португалия мемлекетінің Порто қаласындағы Жоғарғы техникалық институтында «Музыка және бейнелеу өнері» кафедрасының аға оқытушысы Ұзақов Сапарбек Әбілбекұлы біліктілікті көтеру курсынан өтті.
2015 жылдың 9 қарашасы мен 8 желтоқсан аралығында Жапония мемлекетінің Цукуба қаласында «Цукуба» университетінде «Қазақстан тарихы, құқық және экономика негіздері» кафедрасының аға оқытушысы Елеусов Баубек Аймаханұлы біліктілікті көтеру курсынан өтті.
2015 жылдың 5 қарашасы мен 2 желтоқсан аралығында Португалия мемлекетінің Порто қаласында «Жоғарғы техникалық институтында», «Физика және математика» кафедрасының аға оқытушысы Аубакирова Асель біліктілікті көтеру курсынан өтті.
2015 жылдың 12 қазан - 7 қараша аралығында Испания мемлекетінің Валенсия қаласында Валенсиялық саясат университетінде «Қазақ, орыс және шет тілдер курсы» кафедрасының оқытушысы Ахметова Гаухар біліктілікті көтеру курсынан өтті.
Халықаралық академиялық және ғылыми тұтастықты дамыту мақсатында Я.А.Коменск атындағы Ұлттық университетпен ынтымақтастық туралы құрылған келісім шарт аясында 2015-2016 оқу жылының 1 семестр бойы «Шет тілі: екі шет тілі» мамандығының екі студенті Есенбек Рауан және Қоржынбай Гүлжайна аталған университетте білім алып қайтты.