«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ Зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды

110300, Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17, «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Директорлар кеңесі Қостанай облысы, Арқалық қаласы, Әуелбеков көшесі, 17 мекен-жайы бойынша орналасқан «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Зерттеу және стратегиялық даму жөніндегі проректоры бос лауазымына конкурс жариялайды.

Қызметтің мақсаты ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби қалыптастыруға бағытталған сапалы білім алу, оқыту және білім беру үшін, сондай-ақ ғылыми әлеуетті дамыту және әзірлемелерді коммерцияландыру үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, білім беру ұйымдарында және (немесе) тиісті салалардағы уәкілетті органдарда басшылық лауазымдарда жұмыс өтілі кемінде 3 жыл.

Конкурсқа төмендегі тұлғалар қатыса алмайды:
1. жиырма бес жастан кіші;
2. бұрын сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық жасаған;
3. өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар;
4. медициналық арнайы мекемелерде есепте тұрғандар;
5. Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар.

Конкурсқа қатысуға үміткер тұлға мынадай құжаттарды ұсынады:
1. 2 қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2. Конкурсқа қатысушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3. 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 3х4 үлгідегі түрлі-түсті фотосуреті бар Конкурсқа қатысушының қызметтік тізімі;
4. білімі туралы құжаттар мен олардың қосымшаларының көшірмелері және салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары:
- «Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленген Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтар мен зертханалар берген, сондай-ақ өзара тану және баламалылық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына кіретін білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтары шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәліктердің көшірмелері қоса беріледі;
- «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлеріне берілген білім туралы құжаттардың көшірмелеріне «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтағандығы туралы куәліктің көшірмесі қоса беріледі;
- өзара тану және баламалық туралы халықаралық шарттың (келісімнің) қолданылу аясына кіретін білім туралы құжаттардың көшірмелеріне білім саласындағы уәкілетті орган берген білім туралы осы құжаттарды тану туралы анықтамалардың көшірмелері қоса беріледі;
5. жұмыс орны (қазіргі немесе соңғы) бойынша кадр қызметімен куәландырылған еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмесі;
6. №075/у нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды);
7. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес психоневрологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
8. мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заңнамаға сәйкес наркологиялық ұйымнан берілгеніне құжаттар ұсынылған күнге дейін бір жыл толмаған анықтама;
9. қылмыстық заңнамаға сәйкес лауазымға орналасуға тыйым салудың жоқ екенін растайтын құжат.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүргізіледі.
Конкурсты өткізу күні мен орны қосымша хабарланады. Жоғарыда көрсетілген құжаттарды белгіленген мерзімде «Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КеАҚ, 110300, Аркалық қаласы, Әуелбеков, 17 көшесі, телефон: 8 (71430) 7-24-88, (кабинет 116), Е-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс. ұсыну қажет.

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502