«Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» КЕАҚ лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі

«Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты» коммерциялық емес акционерлік қоғамы лауазымдық бос орындарға конкурс жариялайды

1. Аға оқытушы – 20 штаттық бірлік:

  • Педагогика және филология факультетіне – 9 («Педагогика және психология» ББ, «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу, Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешісі және педагог психолог» ББ, «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» ББ, «Орыс тілі мен әдебиеті» ББ,   «Қазақ тілі мен әдебиеті» ББ, «Шетел тілі: екі шетел тілі, Ағылшын тілі» ББ );
  • Тарих және өнер факультетіне – 6 («Музыкалық білім» ББ, «Тарих»  ББ, «Дене шынықтыру және спорт»  ББ);
  • Жаратылыстану және ақпараттандыру факультетіне – 5 («Химия, Химия және биология, Биология» ББ,  «Математика, Математика және физика, Математика және информатика»  ББ, «Физика, Физика және информатика» ББ).

2. Оқытушы – 1 штаттық бірлік:

  • Тарих және өнер факультетіне – 1 («Дене шынықтыру және спорт»  ББ).

Біліктілік талаптары:

  1. Аға оқытушы лауазымына – жоғары (маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі, PhD докторы дәрежесі, педагогикалық лауазымдарда жұмыс өтілі және/немесе кемінде үш жыл ғылыми-педагогикалық жұмыс өтілі бар.
  2. Оқытушы лауазымына – жоғары (маман) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі, педагогикалық лауазымдардағы жұмыс өтіліне және/немесе ғылыми-педагогикалық жұмыс өтіліне талаптар қойылмайды.

Анықтама телефоны: 8 (71430)7-24-88 (ішкі 146 – Персоналды басқару және құжаттармен қамтамасыз ету қызметі).
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау 2023 жылғы 22 маусымға дейін жүргізіледі.
Профессор-оқытушылар құрамы мен ғылыми қызметкерлер лауазымдарына конкурстық орналасу туралы ережесімен api.edu.kz сайтында танысуға болады.

 

Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Факс: 8-71430-7-01-87
Қабылдау комиссиясы:
8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502