Altynsarin institute-ның студенті Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

Altynsarin institute-ның студенті Азия кубогының күміс жүлдегері атанды

Алматы қаласында 7-9 сәуір күндері дзюдодан жасөспірімдер мен жастар арасында Азия кубогы өтті. Аталған жарыс Бекет Махмұтовты еске алуға арналды.

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы Спорт сарайында өткен сайыста жасөспірімдер (2006-2007) мен жастар (2003-2005) бәсекеге түсті.
Жарыс нәтижесі бойынша +100 кг салмақта Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының студенті Қаблан Нұрсұлтан күміс жүлдесіне ие болды.
IJF ережесіне сәйкес, Азия кубогының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне рейтингіге ұпай қосылады. Жарыс жеңімпазына – 100, күміс жүлдегерге – 60, қола жүлдегерге – 40 ұпайдан беріледі.
Азия кубогы биыл алтыншы рет ұйымдастырылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Моңғолия, Гонконг, Түрікменстан, Грекия, Грузия және АҚШ-тан барлығы 400-ден астам дзюдошы қатысты.
Айта кетейік, Махмұтов Бекет Сапабекұлы - 2009-2012 жылдар аралығында Қазақстан Дзюдо федерациясының президенті сондай-ақ Азия Дзюдо Одағының вице-президенті қызметін атқарған. Дзюдодан Бекет Махмұтов атындағы турнир 2017 жылдан бері Алматы қаласында дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.

2

3

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ