«Серпін» бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстары

«Серпін» бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстары

Кәсіптік бағдар беру жоспары бойынша Altynsarin institute талапкерлерді оқуға шақыруда үгіт-насихат жұмыстарын қарқын жүргізуде. Соның ішінде еліміздегі «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша.

Жоғары оқу орнымызға қызығушылық танытатын оқушылармен жұмыстану мақсатында, профессорлық-оқытушылар құрамынан жұмыс тобы жасақталып, әр өңірлерге іссапарлар жоспарланған. Сол жоспарға сәйкес Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының «Педагогика және филология» факультетінің деканы Калиев А.К. пен «География», «География және тарих», «Биология және география» ББ жетекшісі Калкашев С.Г. 2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында «Серпін» бағдарламасы бойынша солтүстік өңірдегі ЖОО өкілдерімен Түркістан қ. жергілікті жастар ресурстық орталығының мамандарымен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізуге жолға шықты.
Іс-сапар мақсаты — «Серпін-2050» әлеуметтік жобасы бойынша арнайы гранттарын тағайындау жөніндегі конкурста енгізілген өзгерістер, биылғы педагогикалық мамандықтарға арнайы емтихан тапсыру қажеттігі туралы талапкерлерге насихаттау, Altynsarin institute-не 2023 жылғы талапкерлерді оқуға шақыру, институт мамандықтары бойынша толық ақпарат беру.
«Серпін» бағдарламасы бойынша үгіт-насихат жұмыстарын ауқымды өткізіп, студенттер қатарын нығайту үшін үлес қосады деп сенім білдіреміз!

4

5

6

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ