12 сәуір – ғылым қызметкерлері күні аталып өтті

12 сәуір – ғылым қызметкерлері күні аталып өтті

Елордада Ғылым қызметкерлері күніне орай бір қатар маңызды шаралар өтті.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің бірінші отырысы өтті. Бұл туралы Ақорда ресми сайтында хабарлайды.
Жиында еліміздің ғылыми-техникалық саясатының алдағы басымдықтары айқындалды. Қасым-Жомарт Тоқаев соңғы жылдары ғылым саласында біршама өзгеріс болғанын атап өтті. Президенттің пікірінше, Үкімет Қазақстанда ғылымның ашық моделін қалыптастыру үшін кешенді шараларды жүзеге асыруы керек.

3

Қасым-Жомарт Тоқаев ғылымды дамытудың жаңа үлгісіне сәйкес Ұлттық ғылым академиясының рөлі ерекше болатынын айтты. Жақында Ғылым академиясына Президент жанындағы орган мәртебесі берілді.

4

Сондай-ақ, ғылыми шаралар Astana IT University-де өз жалғасын тапты. ҚР Президентінің Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысы аясында Жас ғалымдар кеңесінің отырысы өтті.
Кездесуде қазақстандық жас ғалымдардың ғылым, технология және инновация секторлар болашағын қалыптастырудағы рөлінің маңыздылығы айтылды. Ғылым саласындағы негізгі басымдықтар, оның ішінде мықты инновациялық экожүйені дамыту, сондай-ақ жас зерттеушілер мен кәсіпкерлер үшін жаңа мүмкіндіктер қарастырылды. Отырысқа қатысушылар ЖҒК қызметін, ҚР тұрақты даму мақсаттарын іске асыру жолдарын, технологияларды коммерцияландыру құралдарын талқылады.

5ҚР Президенті жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңестің бірінші отырысы және ғылым апталығының аясында әлемнің жетекші университеттерінің ғалымдары дәріс оқыды.
Ұ
лттық кеңестің шетелдік мүшелері дәрістерінің мақсаты – тыңдармандарға ғылыми-техникалық тақырыптар бойынша құнды идеялар мен көзқарастарды жеткізу, сондай-ақ Қазақстанда кең ғылыми қауымдастық құру үшін жастарды тарту.

6

Іс-шараға Жас ғалымдар кеңесі, университеттердің ғылым жөніндегі проректорлары, ЕҰУ, ҰБО, НУ ғалымдары қатысты.
Ғалымдар тәжірибелік физика, гендік инженерия және ДНҚ, нанотехнология және адам денсаулығы сияқты маңызды ғылыми білім саласындағы маңызды тақырыптар қозғалды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ