Тазалық кубогы-2023

Тазалық кубогы-2023

Күні кеше Арқалық қаласында Республикалық «Бірге-Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында «Тазалық кубогы-2023» ЭКО сенбілігі өтті.

«Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен, қала әкімі Асанов Ә.Б. қатысуымен ЭКО жарысына Altynsarin institute-ң жүзден аса студент белсенді қатысты.

27

Ұйымдастырылған шара мақсаты – Жастарың бойында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, қаланың тазалығына атсалысу.

28

Турнир тәртібі бойынша 2 кезеңнен тұратын Эко акцияға топ құрамы 100 адамнан құрылған ЖОО және колледж студенттері қатысады. Сайыс талаптарына сай топ мүшелерінің киім үлгісі біркелкі болуы шарт, сондай-ақ, әр топқа жереби бойынша бекітілген тазалық орындарын жинастыру жұмыстарына 3 сағат уақыт беріледі.

29Экосенбілік аясында қаламыздың Демалыс саябағы институмыздың студенттерімен күл-қоқыстан тазартылды.
А
рнайы комиссия тазалаған орындарға шолу жасап, турнир нәтижесінде институтымыздан жүзден аса қатысқан студент арнайы дипломмен марапатталды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ