«Be smart» қалалық олимпиадасы

«Be smart» қалалық олимпиадасы

Ғылым апталығы аясында 2023 жылдың 14 сәуірінде Altynsarin institute мектеп оқушылары арасында ағылшын тілі пәнінен «Be Smart» олимпиадасы өтті.

«Шетел тілі: екі шет тілі», «Ағылшын тілі» ББ ұйымдастырған олимпиадаға Арқалық қаласының жалпы білім беретін мектептерінен 12 команда қатысты.
7Олимпиада 4 турдан тұрды:
1 айналым. Country awareness - Елтану туралы сұрақтар.
2 айналым. Who am I? Суреттер сайысы
3 айналым. Команда капитандарына арналған блиц сұрақтары
4 айналым. Посттерді қорғау
8«Шараның мақсаты – шет тілдері саласындағы дарынды балаларды анықтау және қолдау, мектеп-жоғары оқу орнының сабақтастығын қамтамасыз ету. Жаһандану мен ағылшын тілінің әлемдегі орнының нығаюына байланысты мұндай шаралар тілді меңгеруге деген қызығушылық пен оны меңгеру деңгейін арттыруға ықпал ететіні сөзсіз», - дейді ұйымдастырушылар.
9«Шетел тілі: екі шет тілі», «Ағылшын тілі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Асанова А.К. кафедраның шақыруына белсенділік танытқан мектеп басшылықтарына және оқушыларға алғысын білдірді. Ағылшын тілінің қазіргі қоғамдағы қажеттілігі мен маңыздылығын айта келе, институтымызда шет тілдеріне көңіл бөлініп жатқанын айтып, мектеп оқушыларын болашақта Altynsarin institute пайдасына таңдау жасауға шақырды.

10

11

Олимпиада қорытындалары бойынша жүлделі орындарға келесі мектеп командалары иеленді:
І орын - А.Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектебі,
ІІ орын - Б.Майлин атындағы №3 жалпы білім беретін мектебі мен Ш.Уалиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі алды,
ІІІ орын - А.Құнанбаев атындағы мектеп-гимназиясы мен №2 жалпы білім беретін мектеп.
Олимпиаданың барлық қатысушылары қатысу сертификаттарын алды, жеңімпаздар диплом мен сыйлықтармен марапатталды.

12

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ