«Ғылым - адамзат ойының көпғасырлық жұмысы» кітаптар көрмесі

«Ғылым - адамзат ойының көпғасырлық жұмысы» кітаптар көрмесі

12 сәуір – ғылым қызметкерлерінің күніне орай, Altynsarin institute-де бір қатар шаралар өтуде. Ғылым апталығы аясында Altynsarin institute-ң Ақпараттық-кешендік кітапханасында «Ғылым - адамзат ойының көпғасырлық жұмысы» тақырыбында кітаптар көрмесі ұйымдастырылды. 

Іс-шараның мақсаты - Altynsarin institute-ң профессор-оқытушыларының ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерін білім алушылар мен көпшілік қауымға таныстыру және материалдық және рухани жетістіктерін көпшілікке көрсету14Сондай-ақ, геолог-ғалым, қазақ ғылымының атасы – Қаныш Имантайұлы Сәтбаевқа арналған «Қазақ ғылымының атасы – Қаныш Сәтбаев» атты көрме кітаптары оқырмандардың назарына ұсынылып, таныстырылды.
Ашылу салтанатына оқу-әдістемелік ісі жөніндегі проректор, Ақпараттық-кешендік кітапханасының директоры және декандар мен ББ жетекшілері, оқытушы-профессорлар құрамы мен білім алушылар қатысты.

15

Шара барысында қазақтың Қанышы жайлы мәліметтер көрсетіліп, дәйекті деректермен тарих ақтаңдақтарын айтудан бастау алып, институт кафедралардың профессор-оқытушыларының ғылыми және ғылыми-әдістемелік еңбектерінің жетістіктерін таныстырумен аяқталды.
Аталған шара ғылыми-теоретикалық жоғары деңгейде өтіп, жұртшылықтың үлкен қызығушылығын оятып, мамандардың оң пікірін алды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ