Діни экстремизмді алдын алу бойынша кездесу-дәріс

Діни экстремизмді алдын алу бойынша кездесу-дәріс

2023 жылдың 14 сәуірінде Altynsarin institute-де Арқалық қаласында діни экстремизмнің алдын алу бойынша облыстық ақпараттық-түсіндіру тобы мүшелерінің қатысуымен «Жастар және дін: культке тарту және ұстау тетіктері» атты іс-шара өтті.

Осы тақырыпта институт студенттеріне құқық қорғау органдарының өкілі – Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің оқу орталығының бастығы полиция подполковнигі Туғанов Мырзабек Сардарбекұлы дәріс оқыды. Кездесуге институттың 1-3 курс студенттері қатысты.

17Спикер студенттерге діни ағымдар мен деструктивті ұйымдарға түсіп жатқан жастардың проблемалары туралы айтып берді. Діни экстремизмнің алдын алу, күресу жолдары мен жауапкершілік мәселелеріне де тоқталды.
Бұл шараны жоғары оқу орындарының студенттері арасында өткізудегі басты мақсат – жастардың діни сауаттылығын арттырып, қазақ менталитетіне жат деструктивті идеологиялардың ықпалынан сақтандырып, оларға қарсы тұру.

18Айта кету керек, шара «Арқалық қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің тапсырысы бойынша «Қостанай облысының психологтар қауымдастығы» қоғамдық қорының жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылды. Аталған жоба аясында халықтың қазіргі діни ағымдардың қызметі туралы ақпараттық сауаттылығын арттыруға бағытталған бірқатар іс-шаралар жоспарлануда.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ