Altynsarin institute-де «Төлегенов оқулары – 2023» халықаралық конференциясы өтті

Altynsarin institute-де «Төлегенов оқулары – 2023» халықаралық конференциясы өтті

2023 жылдың сәуір айының 14 күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультеті ұйымдастыруымен «Қазіргі заманғы білім жүйесі: тенденциялар, инновациялар, технологиялар» тақырыбындағы «Төлегенов оқулары – 2023» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

Іс-шараға Астана, Ақтөбе, Түркістан, Шымкент, Қарағанды, Алматы, Қостанай, Арқалық қалалары, Ақмола облысы және Ресей Федерациясы мен Башқұртстан Республикасынан келген жетекшi отандық және шетелдiк ғалымдар, ЖОО өкiлдері және білім беру саласындағы жаңашыл педагогтар қатысты.

2

Конференция АрқПИ Басқарма Төрағасы - Ректор, э.ғ.д., профессор Е.Әмірбекұлының құттықтау сөзімен басталды. «Қуатты елге айналу үшін біздің еліміз де ғылымға барынша көңіл бөлу керек. Әсіресе технологияны жаңартатын, инновацияларға негізделген зерттеулердің маңызы жоғары. Жоғары оқу орындары мен мектептердің алдында ғылыми зерттеулер жүргізу әдістері, қажеттілігі, тиімділігі туралы, ғалым болудың мәртебесі жайлы білімді көптеп беру міндеті тұр» - деді институт басшысы.
Оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Антаева А.С. модераторлығымен диалог алаңында жиналған педагог-ғалымдар Қазақстанның қазіргі таңдағы педагогикалық білім бері жүйесінің өзекті мәселелерін талқылап, тәжірибе алмасу арқылы оның тенденциялары жайлы ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

3

Пленарлық мәжілісте Смоленск мемлекеттік университінен физика-математика факультетінің деканы, кафедра меңгерушісі, Ресей Федерациясының жоғары мектебінің еңбек сіңірген қызметкері, п.ғ.д, профессор Сенькина Гульжан Ержановна «БФЖ шеңберінде Үздіксіз педагогикалық білім берудің аймақтық жүйесін дамыту» туралы баяндады, ал РФ Башқұртстан, Уфа ғылым және технология университетінің физика-математика ғылымдарының кандидаты, Новошкола жеке мектебінің оқытушысы, Назирова Эльвира Айратовна graspable math интерактивті технология жайлы толық түсініктеме берді.

4

Сонымен қатар, Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының магистр, аға оқытушылары Жандилдина Р.Е., Сактаганова Э.Б., Қостанай облысынан Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный жалпы білім беретін мектебінің математика пәнінің мұғалімі Дулыбаева К.А., Арқалық қаласы Ш.Уәлиханов атындағы №1жалпы білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Байахмет Т.Ж. өз баяндамаларын ұсынды.

5

Конференция жұмысының екінші жартысы Жаратылыстану мен Әлеуметтік-гуманитарлық бағыттар бойынша 2 секция бойынша жалғасты. Қатысушылар тарапынан баяндамашыларға бірталай сұрақтар қойылып, пікір таласып, ой бөлісті.
«Қазіргі заманғы білім жүйесі: тенденциялар, инновациялар, технологиялар» тақырыбындағы «Төлегенов оқулары – 2023» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының қорытындысы секциялық отырыста қабылданды.
Сондай-ақ, конференция барысында күні кеше өткен жаратылыстану-математика бағытындағы пәндік олимпиаданың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Айта кетерлігі, физика және математика бойынша білім бәсекесінің қалалық кезеңіне қала мектептерінен 70-тен аса 9-11 сынып оқушылары өз бақтарын сынады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ