Түркістан облысындағы кәсіптік бағдар жұмысы: «Серпін» бағдарламасы бойынша талапкерлерді күтеміз
Құрамына институт оқытушылары мен қызметкерлері кірген Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының жұмыс тобы сәуір айының басынан бері еліміздің оңтүстік өңірлерінде «Серпін-2050» бағдарламасы бойынша кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Жұмыстың негізгі мақсаты – мектеп түлектері арасында «Серпін» бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізу және институттың білім беру бағдарламаларымен таныстыру.
Altynsarin institute-ң «Педагогика және филология» факультетінің деканы Калиев А.К. пен «География», «География және тарих», «Биология және география» ББ жетекшісі Калкашев С.Г. 2023 жылдың 10-14 сәуір аралығында Түркістан өңірінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Атап айтсақ, үгіт-насихат жұмыстары Сауран, Бәйдібек, Сайрам, Төле би, Келес аудандарында, оңың ішінде Қарасу мен Аксукент, Қайнарбұлақ пен Құтарыс ауылдарында өтті.
Айта кетерлігі, біздің институтымызда студенттердің білім алуына және өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Бағдарламаға қатысушылардың барлығы жатақханамен қамтамасыз етілген, студенттік ұйымдардың өміріне белсенді қатысады, спортта және шығармашылықта өздерін көрсетеді. Сонымен қатар, оларға білікті ұстаз-тәлімгерлер бекітіліп, олардың әлеуметтенуіне көмектесіп, жан-жақты қолдау көрсетуде.
Декан А.Қ. Қалиевтің айтуынша «Институмызға «Серпін» бағдарламасы бойынша түсетін жастардың саны жыл санап артып келеді. Ең танымал мамандықтар – қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, математика мұғалімі және шет тілі мұғалімі. Олардың арасында біз мақтан ететін талантты студенттер мен түлектер көп. Оқуды бітіргеннен кейін түлектердің көбі облыста қалады. Биылғы жылы да «Серпін» бағдарламасына қатысушыларың күтеміз».
Еске салсақ, Altynsarin institute «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы. Осы уақыт ішінде университет мыңнан астам жоғары білікті мамандарды дайындады. Бағдарлама түлектері облыстың жетекші кәсіпорындарында табысты жұмысқа орналасып, лайықты еңбекақы алуда.
Сондай-ақ, оқу ордамызға оқуға шақыру жұмыстары жазда да жалғасады, оқытушыларымыз талапкерлермен жұмыс істеу үшін мекендерге барады.