Астанада «Coursera – қазақ тілінде» жобасының аралық нәтижелері талқыланды

Астанада «Coursera – қазақ тілінде» жобасының аралық нәтижелері талқыланды

Білімді ұрпақ – білімді ел» конференциясында «Қазақстан халқына» қоры жүзеге асырып жатқан қайырымдылық бағдарламалары таныстырылды. Елеулі бастамалардың бірі – «Coursera – қазақ тілінде» пилоттық жобасы.

Мемлекет басшысы өзінің сайлауалды бағдарламасында қазақстандық студенттер әлемдік цифрлық кітапханаларға тегін қол жеткізуі керектігін атап өтті.
Coursera платформасында онлайн-оқыту жобасы енгізілген сәттен бастап оған Қазақстанның 25 өңірлік жоғары оқу орындарынан 20 мыңнан астам студент қосылды. 22 мыңнан астам курс сәтті аяқталды, оның 10 862-сі қазақ тілінде өтті. Студенттер білім беру бағдарламасы бойынша міндетті курстардан да, дағдыларын кеңейту үшін қосымша курстардан да өтеді. Білім алушылар ақпараттық технологиялар, инженерлік мамандықтар, кәсіпкерлік және басқа да салалардағы курстарды сәтті аяқтады.
Студенттер аяқтаған ең танымал курстардың ішінде «Кәсіпкерлік: бизесі негіздері», «Барлығына арналған бағдарламалау (Python-мен жұмыс бастау)», «Programming for Everybody (Getting Started with Python)» және тағы басқалар бар. Сонымен қатар отандық профессорлар Coursera платформасында орналастыру үшін өздерінің бірегей курстарын дайындап жатыр.
Оқу материалдарын цифрлық форматқа көшіру мәселесі бойынша Премьер-Министрдің орынбасары Алтай Көлгінов бұл жұмысқа бизнес пен азаматтық қоғам өкілдерін тартудың маңыздылығын атап өтті.

2

«Coursera-ның басты артықшылығы – білім алушының оқу сапасын, тәртібін және мотивациясын өлшейтін аналитика. Студенттер 85 мың сағаттық онлайн-контентті тыңдады. 881 бірегей курстың ішінде қазақ тіліне аударылған курстар ең танымал болып табылады», - деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конференцияда сөйлеген сөзінде.
«Coursera – қазақ тілінде» жобасы қазақстандық студенттерге әлемдік деңгейдегі білім беру ресурстарына ана тілінде қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл олардың кәсіби дағдыларын дамытуға және еңбек нарығының заманауи сын-тегеуріндері мен талаптарына дайындалуға ықпал етеді. Бұл жоба білім беру сапасын және ел студенттері үшін білім беру ресурстарының қолжетімділігін арттыруға бағытталған.

3

Айта кетерлігі, Ы. Алтынсарин атындағы педагогикалық институты 25 жоғары оқу орнынана квота бөлінген тізімге енген болатын. Altynsarin institute студенттердің Coursera курстарынан сәтті өтуі үшін 500 лицензия берілді, оның 50-і қазақ және орыс тілдеріне аударылды. Бүгінгі күні оқу түлектері өздерінің кәсіби сертификаттарына ие болды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ