"Күміс институт": Altynsarin institute-ң жаңа жобасы

"Күміс институт": Altynsarin institute-ң жаңа жобасы

Қазіргі қоғамда «Күміс жас» жобасы өзекті болып отыр. Бұл қарт адамдарға белсенді ұзақ өмір сүруге көмектесетін әлеуметтік қызметтің инновациялық түрі.

Әлемдік тәжірибеде University of third age орын алуда. Бұл егде жастағы адамдарға заманауи нарыққа сәйкес келетін екінші мамандықты алуға, белсенді және қызықты өмірді ұйымдастыруға, олардың физикалық және психикалық денсаулығын жақсартуға көмектесетін халықаралық қозғалыс.
Осы орайда «Үшінші жастағы университет» немесе «Күміс университеттер» - салыстырмалы түрде жаңа құбылыс.
«Күміс университет» – бұл егде жастағы адамдарға жан-жақты дамуына бағытталған білім беру және шығармашылық бағдарламаларды ұсынатын инновациялық қызмет түрі.
Жобаны іске асыру мақсатында Altynsarin institue-де жаңа оқу жылында «Күміс институт» жобасын іске асыру жоспарланып отыр. Жобаның жұмысы қазіргі қоғам жағдайында ересек жастағы азаматтардың мүмкіндіктерін ашуға және өзін-өзі жүзеге асыруға бағытталатын болады.
«Күміс институттың» жұмысы аясында институт егде жастағы адамдарға заманауи IT-технологиялары мен компьютерлік сауаттылыққа оқыту, шет тілдерін үйрену, құқықтық және қаржылық сауаттылықты арттыру, психологиялық денсаулық, медиа курстар мен «Шығармашылық палитра» сәндік-қолданбалы өнер курстарын қамтитын білім алушылардың бағдарламалар портфелін ұсынатын болады.
Осылайша ересек жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын жақсарту бойынша ауқымды жұмыстар жүргізілмек.
Айта кету керек, «Күміс университеттер» бүкіл әлемде және бұл қозғалыста бірнеше ондаған жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Қазақстандық білім беруді трансформациялау аясында мұндай университеттердің ашылуы life-long learning (өмір бойы оқыту) бағытын іске асыруға толық сәйкес келеді.
Мақсаты – егде жастағы азаматтардың өмір сүру сапасын және әлеуметтік белсенділігін арттыру, физикалық және психикалық денсаулығын нығайту. Сонымен қатар, оларды заманға сай бейімдеу, өзін-өзі жетілдіруі үшін қолайлы жағдайлар жасау, коммуникациялық ортаны қалыптастыру және дамыту, шығармашылық қабілетін арттыру және өмірге деген оң көзқарасты сақтап қалу; егде жастағы адамдардың бос уақытын тиімді ұйымдастырып, коммуникативтік дағдыларының деңгейін арттыру міндеттері туындайды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ