Аймақ бойынша кәсіби бағдар жұмысы

Аймақ бойынша кәсіби бағдар жұмысы

Altynsarin institute кәсіптік бағдар беру аясында қала мен аудандардағы мектеп мұғалімдері мен түлектерімен кездесулер жалғасуда.

Институт оқытушылары жұмыс топтарының құрамында аудан, ауыл мектептерін аралап, факультеттеріміз бен мамандықтарымыз туралы мағлұмат беріп, жоғары білім беру жүйесімен, болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен таныстырады.

2Сондай-ақ, «Тарих» ОП-ның аға оқытушысы Елеусов Баубек Аймаханұлы Амангелді ауданы білім бөлімінің Жаңа ауыл жалпы білім беретін мектебінде, Жангелді ауданы білім бөлімінің Ш.Уәлиханов атындағы жалпы білім беретін мектебі мен Ы. Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін мектебінде ұстаздармен, түлектермен және олардың ата-аналарымен кездесті.

3Кездесу барысында туған жерінде жоғары білім алудың маңыздылығы айтылды. Баубек Аймаханұлы жоғары білім алудың болашағына тоқталып, оқушыларды институтқа түсу талаптарымен, оқу бағдарламаларымен таныстырып, қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Сондай-ақ институтты дамыту, студенттерге білім беру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

4Әңгімелесу барысында қатысушылар институт туралы, Altynsarin institute түсу шарттары туралы және т.б. ақпараттық парақшалар, газеттер түріндегі түрлі материалдар алды.

5

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ