Altynsarin Institute: есірткісіз аумақ
Altynsarin institute-де бүгін «Психотропты заттарды қолдануды алдын алу» тақырыбы бойынша бірқатар ақпараттандыру және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Студенттерден арнайы сауалнама алынды. Сауалнама нәтижесі бойынша студенттердің 98%-ы психотропты заттарды қолдануға қарсы екендігі және қолданбайтыны көрінді.
Сонымен қатар, студенттермен аталған тақырып бойынша ауызша әңгімелесу, топтық піркілталас, ой алмасу шаралары да жүргізілді. Психотропты заттарды қолдану себептері, тәуелділіктің зардабы жөнінде ақпараттандыру, талқылау жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шаралар “Педагогика және филология” факультеті студенттерінің қатысумен өткізілді.
Ал, «Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің тәрбие ісіне жауапты Жиенбай Сандуғаш Бауыржанқызы 1 курс студенттеріне «Нашақорлық қоғам құсіреті» тақырыбында дәріс жүргізді.
Дәріс адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған есірткінің, темекінің зиянын және улы екенін түсіндіре отырып саналыққа, салауатты өмірді таңдауға тазалыққа, лас істерден аулақ болуға жан сұлулығымен қатартән сұлулығын сақтауға тәрбиелеу мақсатында өтті.
Институттың N°1 жатаханасында «Нашақорлыққа жол жоқ» және «Темекі шегу денсаулыққа зиян» тақырыптарында студенттермен кездесу өтті.
Басқосудың негізгі мақсаты — жастар мәдениеті, соның ішінде салауатты өмір салтын насихаттау, нашақорлықтың алдын алу, жастарды зиянды әдеттерден, яғни темекі, арақ, есірткі, олардың зиянды жақтарын түсіндіру, ғасыр дертіне айналып отырған кеселдердің залалын жан-жақты меңгерту, зиянды заттардан барынша аулақ болуға шақыру, сана-сезімдерін дамыта түсу болып табылады.
Аталмыш шарада жастар арасындағы нашақорлықтың әлеуметтік алдын алудың өзекті теориялық және қолданбалы мәселелері қарастырылды.
Институтымыздың фельдшері Бекбосынова Күнсұлу Ибрагимовнаның қатысуымен өткен жиында студенттерге түсіндірме тақырыптары оқылып, алдын алу шарасын түсіндірілді, адам денсаулығына өте зиян және де өліммен аяқталатынын ескертіп айтылды.
Сондай-ақ, ол нашақорлық індеті жер бетінде миллиондаған адамның өмірін жалмап жатқанын және аталған індеттің шекараны, жасты, нәсілді талғамайтынына тоқталды.
Сөз соңында медицина саласының маманы жастарды жаман әдеттерден бойын аулақ ұстаудың маңыздылығын, салауатты өмір салтын ұстанып, бос уақытын тиімді істермен айналысуға шақырды. Жастар көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өзара еркін пікір алмасты.