Арқалықта Altynsarin institute түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Арқалықта Altynsarin institute түлектеріне арналған бос орындар жәрмеңкесі өтті

Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институты 4-ші курс студенттеріне «Бос орындар жәрмеңкесі» өткізді. Шараның негізгі мақсаты – институт түлектерін жұмыспен қамту.

Жәрмеңкеге облыстық, қалалық, аудандық білім бөлімдері мен жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдарды қосқанда 17 мекеменің өкілдері қатысты. Сондай-ақ, Altynsarin institute биыл «Педагогика ғылымдары» бағыты бойынша 1000-нан астам бакалаврын дайындамақ.

2

Шара барысында Арқалық, Сәтбаев, Жезқазған, Қостанай, Ақмола және Ұлытау облыстарынан келген жұмыс берушілер педагогикалық бағыттағы мамандарға қажеттілік туралы өтініш білдіріп, жиналғандарды жұмыс жағдайларымен, қызметкерлерге қойылатын талаптармен таныстырды. Айта кетерлігі, математика, физика, химия, тарих, орыс тілі мен әдебиеті, шет тілі, педагогика және психология білім беру бағдарламалары сұранысқа ие болды.

3

Кездесу соңында ұйым өкілдері түлектердің түйіндемелерімен таныса алды, сондай-ақ олармен одан әрі жұмысқа орналасу мәселелері бойынша әңгіме жүргізді, бітірушілердің сұрақтарына жауап беріп, соның ішінде әлеуметтік пакетті ұйымдастыру, мансаптық мүмкіндіктер бойынша ақпарат берді.

4

«Бүгінде мемлекет жастарды жұмыспен қамтуға үлкен көңіл бөлуде. Ұйымдастырылған шара мүмкіндіктерді кеңейтіп, түлектерді жұмысқа орналастыру мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, бастапқы тәжірибе жинақтау, тіпті тұрақты жұмысқа орналасу мақсатында «Жастар тәжірибесі», «Алғашқы жұмыс орны» сияқты түрлі бағдарламалар жұмыс істеуде» – деді институттың оқу және ғылым жөніндегі проректоры Алмагүл Сапарғалиқызы Антаева.

5

Қорытындылай келе, бос орындар жәрмеңкесіне қатысушылар заманауи еңбек нарығындағы өзгерістерге бейімделе алатын, қажетті дағдылары мен құзыреттері бар, жоғары кәсіби және сұранысқа ие мамандарды даярлаудың өзектілігін атап өтті.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ