Altynsarin institute-де функционалдық сауаттылық бойынша республикалық семинар өтті

Altynsarin institute-де функционалдық сауаттылық бойынша республикалық семинар өтті

Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында 2023 жылдың 19 сәуірінде Математика, математика және физика, математика және информатика ББ бағдарламасының жетекшісі Г.Сабитбекованың ұйымдастыруымен «Оқушылардың ақпараттық және функционалдық сауаттылығын дамыту» атты республикалық семинар өтті.

Іс-шараға Ақмола, Қостанай, Түркістан қалалары мен аудандарынан және еліміздің басқа облыстарынан барлығы 50-ден астам жоғары және орта кәсіптік білім беру ұйымдарының өкілдері, мектеп мұғалімдері, сондай-ақ Altynsarin institute-ң студенттері қатысты.
Семинар бағдарламасында жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың тиімді әдістері мен тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың функционалдық математикалық сауаттылығын арттыру және бағалау мәселелері қарастырылды.

2

Ұйымдастырушылар мен қатысушылар білім берудің жаһандық бәсекеге қабілеттілігі мақсатына жетудегі мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығының баға жетпес рөлін атап өтті.
«Жаратылыстану және ақпараттандыру» факультетінің деканы, PhD докторы Ә. Ескермесұлының айтуынша, білім беруді цифрландыру жағдайында оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру және дамыту Altynsarin institute-де ғылыми зерттеулердің жетекші бағыттарының бірі болып табылады.

3

Семинарда баяндама жасағандар:
Шойбасов Асқарбек Темірханұлы – №65 мектеп-гимназия КММ, математика пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші, Ақмола облысы, Астана қаласы;
Асылханов Орынбасар Бахытұлы – «ҰБТ МЕКТЕБІ» орталығының директоры, математикалық сауаттылық мұғалімі, Түркістан облысы, Мақтаарал ауданы;
Мырзакерім Дархан Еркінбекұлы – Л. Тәжібаев атындағы шағын жинақты негізгі орта мектебі, математика мұғалімі, педагог-модератор, Түркістан облысы, Төлеби ауданы;
Ерік Жалғасбек Рәуілұлы – "Ш. Уәлиханов атындағы №1 жалпы білім беретін мектебі" КММ, математика пәнінің мұғалімі, педагог-сарапшы;
Ұлысбай Шерхан Еркінұлы – «Арқалық қаласы білім бөлімінің Кейкі батыр атындағы №4 жалпы білім беретін мектебі», математика пәнінің мұғалімі, педагог-модератор
Туракелдиев Сырлыбай Мұсұлманқұлұлы – Ы. Алтынсарин атындағы гимназия- математика пәні мұғалімі.
Жиын барысында көтерілген мәселелер мен ұсынылған тәжірибе бойынша сындарлы пікірлер айтылып, оқушылардың функционалдық сауаттылығын нығайту мақсатында білім беру қызметінің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар берілді.
Семинар қорытындысы бойынша жаратылыстану және ақпараттандыру факультетінің деканы Ә. Ескермесұлы, PhD баяндамашыларға сертификат табыстады.

4

5

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ