Altynsarin institute оқытушылары Астанада өтіп жатқан жоғары оқу орындарының педагогикалық әлеуетін күшейту бойынша семинарда

Altynsarin institute оқытушылары Астанада өтіп жатқан жоғары оқу орындарының педагогикалық әлеуетін күшейту бойынша семинарда

Дүниежүзілік банктің қаржы және техникалық қолдауымен ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі іске асыратын «Орта білім беруді жаңғырту» жобасы аясында Астана қаласында 20-21 сәуірде жоспарланған педагогикалық мамандықтар бойынша білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге арналған семинар өз жұмысын бастады. Семинарды Назарбаев университетінің білім беру мектебінің әріптестерімен бірге финдық Hame University of Applied Sciences ғалымдары өткізеді.

Қатысушылардың тізімінде Altynsarin institute-ның профессор-оқытушылары да бар.

7

Семинарда жобаны іске асыру барысында орындалған жұмыстың қорытындылары талқыланады. Қатысушылар 30 жаңа білім беру бағдарламасын әзірлеу және пилоттық іске қосу тәжірибесімен алмасады. Жаңа білім беру бағдарламаларын енгізу бойынша еліміздің 17 жоғары оқу орнынан 900-ден астам әріптес оқытылды.

8

Семинар аясында педагогикалық кадрларды даярлауды күшейту үшін 105 білім беру бағдарламаларын әзірлеушілерге, өз университеттеріндегі өзгерістер көшбасшылары мен өзгерістер агенттері мойындаған сертификаттарды тапсыру рәсімі өтеді. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті төрағасының м.а. Бану Нарбекова, Финляндияның Қазақстандағы елшісі Соили Мякеляйнен-Буханист, ХЯМЕ университеті тарапынан жоба жетекшісі Лииза Постарефф, Назарбаев Университеті білім мектебінің деканы Аида Сағынтаева құттықтау сөз сөйлейді деп жоспарлануда.

9

Айта кетерлігі, доба педагогикалық бағдарламаларды іске асыратын еліміздің барлық 49 жоо-да профессор-оқытушылар құрамының оқу тәжірибесін масштабтаумен жалғастырылатын болады.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ