Информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындау туралы республикалық семинар

Информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындау туралы республикалық семинар

Altynsarin institute-де «Информатика пәнінен оқушыларды ҰБТ-ға дайындау жүйесі» атты республикалық әдістемелік семинар өтті.

«Информатика, ИАКТРТ» білім беру бағдарламасының аға оқытушылары С.С. Байзакова, Г.С. Алиева, М.А. Илубаевтың ұйымдастыруымен өткен шараға Қостанай, Семей, Ақмола қалалары мен Амангелді ауданынан және Арқалық қаласына қарасты ауыл және қала мектеп мұғалімдері, сондай-ақ, болашақ ұстаздар - институт студенттері қатысты.

2

Әдістемелік семинар информатика пәнінен ҰБТ-ға дайындықтың тиімді әдіс-тәсілдерін қолдануда мұғалімдердің кәсіби шеберлігін арттыру мақсатында өткізілді.
Семинар аясында қатысушылар информатика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындықты ұйымдастыру, тест тапсырмаларын әзірлеу, оқушылардың психологиялық дайындығы мәселелерін жан-жақты қарастырды, сонымен қатар мектеп мұғалімдерін ҰБТ-ға дайындаудың педагогикалық тәжірибесімен және әдіс-тәсілдерімен алмасты. Информатика пәнінің мектеп мұғалімдері де өз ұсыныстарымен бөлісті. Олар ҰБТ-да бітірушілер кездесетін мәселелерге мысалдар келтіріп, оларды шешу жолдарын айтты.

3

«Информатика, ИАКТРТ» ББ жетекшісі С.С. Байзақованың айтуынша, оқушыларды ҰБТ-ға дайындау сапасы көп жағдайда педагогикалық ұжымның ғылыми-әдістемелік жұмыс процесі жүйелі түрде жүргізілгеніне байланысты.
Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда туындайтын мәселелерді талқылау соңында ұсыныстар берілді. Семинар нәтижесінде барлық қатысушылар сертификаттарға ие болды.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ