Altynsarin institute Маңғыстау өңірінде!
22 сәуір күні Ақтау қаласының Достық үйінде облыс мектептері түлектерін кәсіби бағдарлауға бағытталған білім беру көрмесі өткізілді. Көрмеде ұсынылған ЖОО арасында Altynsarin institute-де бар.
Көрме аясында Маңғыстау, Атырау облыстарына бөлінген нысаналы гранттарды игеру мақсатында Altynsarin institute ректоры Ержан Әмірбекұлы бастаған институт өкілдері Атырау және Маңғыстау облыстарының түлектеріне ақпараттық-түсіндіру беру жұмыстарын жүргізді.
Әңгіме барысында биылғы түлектер және олардың ата-аналары Altynsarin institute-ке атаулы грантқа түсу мүмкіндігі туралы өздерін қызықтыратын ақпарат алды. Өз сөзінде институт өкілдері мүмкіндігінше мектеп оқушыларына болашақ мамандығын дұрыс таңдау туралы айтып берді.
Талапкерлерді институт мамандықтарына түсуге шақыра отырып, институт ұжымы талапкерлермен және олардың ата-аналарымен кәсіптік бағдар беру кездесу барысында оқу ордасының білім беру бағдарламалары туралы, әр мамандықтың ерекшеліктері, гранттардың бөлінуі т.с.с. егжей-тегжейлі хабардар етіп, ақпараттық материалды ұсынды. Сондай-ақ, оқуға түсу шарттары туралы, ғылымда, оқуда және институттың қоғамдық өмірінде өз әлеуетін жүзеге асыру мүмкіндіктері туралы айтып, мектеп оқушыларының барлық сұрақтарына жауап беріп, дұрыс тандау жасауға көмек көрсетті.
Айта кетерлігі, бұл шаралар Мемлекет басшысының Атырау және Маңғыстау облыстарының талапкерлері мен олардың ата-аналары үшін нысаналы білім беру гранттары туралы ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиісті деңгейде жүргізу туралы тапсырмасын орындау мақсатында.
Сондай-ақ, Атырау-Маңғыстау нысаналы гранты аясында Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институттың кәсіптік кеңесшілерінің мобильді тобы 17-29 сәуір аралығында Маңғыстау облысындағы мектеп түлектеріне үгіт-насихат жүргізеді.
Сапардың мақсаты – еңбек әлеуеті жоғары өңірлердегі жастарға кәсіптік бағдар беру, сонымен қатар болашақ студенттерге университет пен мамандарды даярлау бағыттары туралы жан-жақты ақпарат беру.