Оңтүстік  өңірде «Серпін» бағдарламасы бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды

Оңтүстік өңірде «Серпін» бағдарламасы бойынша ауқымды ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды

Бүгін Жоғары білім беру комитетінің ұйымдастырумен Жамбыл, Түркістан және Қызылорда облысының талапкерлері үшін «Серпін» бағдарламасы бойынша білім беру гранттары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары басталды.

Altynsarin institute атынан қабылдау комиссиясының жауапты хатшысы Жумабаева Сания Бакытжановна, жауапты хатшы орынбасары Алиева Гүлім Сабитхановна қатысуда.

5

Шара барысында білім беру көрмесі ұйымдастырылып, түлектер білім беру бағдарламалары туралы толыққанды ақпараттар алды. Сондай-ақ, университет пен ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының сарапшылары ақпарат таратты.
Аталмыш түсіндірме жұмыстары ертең мамыр айының 18-ші жұлдызында Түркістен қаласындағы «Яссауи» университетінде, ал, 20-сы күні Қызылорда қаласындағы «Қорқын ата» университетінде жалғасын таппақ.

6

Altynsarin institute «Серпін» бағдарламасымен білім беру грантына ие болғысы келетін түлектерді келесі кездесулерге шақырады:
17 мамыр сағат 10:00-де – Тараз қаласы, Сәтбаев көшесі 28, М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті М.Уркумбаев атындағы Жастар сарайы;
18 мамыр сағат 12:00-де – Түркістан қаласы, Б. Саттарханов даңғылы, 29 үй Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Мәдениет орталығы;
20 мамыр сағат 11:00-де – Қызылорда қаласы, Ы. Жақаев көшесі 75 үй, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жастар сарайы.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ