«Стратегиялық бағыт – болашаққа жол»: білім беру ұйымдарымен байланыс

«Стратегиялық бағыт – болашаққа жол»: білім беру ұйымдарымен байланыс

Altynsarin Institute-ның стратегиялық мақсаттарының орындалу мониторингін мүдделі тұлғалармен ашық талқылау мақсатында қала мектептерімен тұрақты байланыс орнатылған.

Осы негізде Арқалық қаласындағы №1 және №6 жалпы білім беретін мектеп педагогтарының қатысуымен «Стратегиялық бағыт – болашаққа жол» атты тақырыпта өңірлік семинар өтті.
Семинар барысында ЖОО-ның даму стратегиясын орындау бойынша ұсыныстар мен ескертулер талқыланды.
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының Басқарма Төрағасы – Ректор Ержан Әмірбекұлының қатысуымен өткен семинарда жоғары оқу орны мен жалпы білім беретін мектептердің өзара ынтымақтастығы, студенттердің педагогикалық тәжірибеден өтуімен мектеп бітіруші талапкерлердің институтқа түсу мәселелері көтерілді.

Институт басшысы өз сөзінде мектеп педагогтарымен ақпарат алмасып, стратегиялық жоспарлау процессін қоғамның өзара қарым-қатынасын және білім мекемесінің мәртебесін, педагог имиджін нығайтуға ықпалын тигізетінін ашып айтты.

Сондай-ақ, мектеп мұғалімдері заманауи цифрлық құзыреттіліктерді дамыту шеңберінде жоғары оқу орны қабырғасында біліктіліктен өту бойынша өз ұсыныстарын білдірді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ