Бейресми білім: заман талабы

Бейресми білім: заман талабы

Бейресми білім дегеніміз – біліктілікті арттыру, кәсіптік қайта даярлау, кәсіптік оқыту бағдарламаларын, курстар мен тренингтерді, тәжірибелік семинарлар (уоркшоптар) қамтитын білім беру түрі.

Соңғы уақытта жоғары оқу орындары бейресми білім берудің нәтижелерін мойындап жатыр.
Яғни, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау еңбек нарығында сұранысқа ие маман болуға, бизнестің дамуына мүмкіндік береді.
Бейресми білімінің негізгі мақсаты – білім беру қызметтерін жүзеге асыру үшін жағдай жасау және адамның біліктілігін арттырудағы, жаңа білім мен технологияларды игерудегі жан-жақты қажеттіліктерін қамтамасыз ету, жастарға, ересектерге және қарт адамдарға жеке және кәсіби құзыреттіліктерді игеруге мүмкіндіктер беру.

2

Осыған орай, бейресми білімнің мәні мен мақсаты жайында Altynsarin Institute студенттері арасында сауалнама жүргізілді. Сауалнама нәтижесінде студенттер білім берудің бұл түрі туралы хабардар болып қана қоймай, сонымен қатар тренингтер, семинарлар, вебинарлар практикумдар, қашықтықтан курстар, соның ішінде COURSERA платформасындағы курстар арқылы білімдерін жетілдіріп отырады.
Айта кетерлігі, Altynsarin institute біліктілікті арттыру және қайта даярлау курстары, оқушылар мен студенттер үшін жазғы және қысқы мектептер, қызметкерлер мен педагогикалық қызметкерлер үшін тренингтер өткізіледі. Сондай-ақ, институт студенттері мен қызметкерлерге ғана емес, білім алғысы келетіндердің барлығына бейресми білім беретінін айта кеткен жөн.
Институт студенттері үшін пәндер бойынша курстарды өту тәртібі білім беру бағдарламасына сәйкес, студенттің бос уақытындағы жүктемесін ескере отырып, жүзеге асырылады.

3

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ