Altynsarin institute-де оқушылар арасында қалалық олимпиада өтті

Altynsarin institute-де оқушылар арасында қалалық олимпиада өтті

Пәндік олимпиада – оқушылармен жұмыстың тиімді түрлерінің бірі. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, олардың шығармашылық әлеуетін дамыту, заманауи ақпараттық технологияларды зерттеуге деген қызығушылықты қалыптастыру және оларды қолдану дағдыларын қалыптастыру мақсатында Altynsarin institute-ң «Информатика», «Информатика, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және робототехника» білім беру бағдарламаларының ұйымдастыруымен 9-11 сынып оқушылары арасында информатикадан «Цифрлық технологиялар» атты қалалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға Кейкі батыр атындағы №4 орта мектеп пен Ы.Алтынсарин атындағы мектеп-гимназиясынан 35 оқушы қатысты.

2

ББ жетекшісі Сәуле Связханқызы Байзақова балаларға құттықтау сөз сөйледі. Ол өз сөзінде олимпиаданың өту барысы, жұмысты орындау және жауаптарды толтыру тәртібі туралы егжей-тегжейлі айтып, барлық қатысушыларға сәттілік тіледі.
Олимпиада екі кезеңде өтті. Бірінші кезеңде мектеп оқушылары информатика курсының бөлімдерінде теориялық сұрақтар мен практикалық тапсырмалардан тұратын тест тапсырмаларымен жұмыс жасады. Екінші кезеңге өткен 15 қатысушы бағдарламалау тілдерінде жеке тапсырмалар орындады.
Жұмыстарды бағалауды институттың білікті мамандары мен жетекші оқытушыларынан тұратын қазылар алқасы жүргізді.
«Интеллектуалдық сайыстарға қатысу – әрқашан толқу, жауапкершілік және үлкен мәртебе. Мектеп оқушылары еңбексүйгіштіктің, алғырлықтың, табандылықтың, ұстаздардың көмегі мен ата-ананың қолдауының арқасында жоғары нәтижелерге қол жеткізуде», – дейді факультет деканы Әлібек Ескермесұлы.

3

Мектеп оқушылары олимпиада тапсырмаларын сәтті орындап, нәтижесінде сайыс жеңімпаздары анықталды:
І орын - Серикбай Баубек. Кейкі батыр атындағы №4 орта мектептің 9 сынып оқушысы, ғылыми жетекшісі: Карашинов К.С.
II орын - Сапабеков Расул Казгелдиевич. Ы.Алтынсарин атындағы гимназияның 11 сынып оқушысы, ғылыми жетекшісі: Алимгереева Г.Е.
III орын - Сағындықова Мунира Төлегенқызы. Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 9 сынып оқушысы, ғылыми жетекшісі: Мухамбетжанов А.Т.
III орын - Исмагамбетова Фариза Талгаткызы. Ы.Алтынсарин атындағы гимназиясының 10 сынып оқушысы, ғылыми жетекшісі: Мухамбетжанов А.Т.
Олимпиада нәтижесі бойынша дарынды оқушыларды анықтай келе, төмендегі оқушылармен ғылыми жетекшілері диплом, алғыс хаттармен марапатталды.
Жеңімпаздар мен қатысушылар 1,2,3 дәрежелі дипломдармен және алғыс хаттармен марапатталды.
Жаратылыстану және ақпараттандыру факультеті олимпиада қазылар алқасына және қатысушылардың ғылыми жетекшілеріне белсенді қатысқаны және қолдау көрсеткені үшін алғысын білдіреді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ