Altynsarin institute студенттері «Үздік студент-2023» атағына ие болды

Altynsarin institute студенттері «Үздік студент-2023» атағына ие болды

«Шетел тілі» ББ 3 курс студенттері Хайруллаева Сажида Насируллақызы мен Иманғалиева Мадина Бауыржанқызы 2023 жылғы «ТМД үздік студенті» халықаралық жобасының жеңімпаздары атанды.

Бұл жобаны Халықаралық студенттер қауымдастығы (Астана) «Бөбек» ұлттық қозғалысы» заңды тұлғалар бірлестігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
Астана қаласында өткен сайысқа Қырғызстан, Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Беларусь, Ресей және т.б.елдерден студент жастары жиналды.

2

Байқау комиссиясының шешімімен студенттеріміз жеңімпаз атанып, 2-дәрежелі дипломмен, білім, ғылым, спорт және мәдениетке қосқан үлесі үшін «ТМД үздік студенті» төсбелгісімен және сертификаттарымен марапатталды.
Сонымен қатар, олардың еңбектері Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері студенттерінің «ТМД-ның үздік студенті» кітап жинағының 5-ші санында жарық көрді. Кітапқа халықаралық, республикалық және облыстық олимпиадалардың, конференциялардың, жобалар мен баяндамалардың жеңімпаздарының, қоғамдық жастар қозғалысы жетекшілері мен белсенділерінің, ұлттық құрама команда мүшелерінің, Олимпиада ойындарының, халықаралық және спорттық жарыстардың лауреаттары мен жүлдегерлерінің ғылыми жұмыстары енгізілген.

3

Айта кету керек, Сажида мен Мадина республикалық пәндік олимпиадалардың, халықаралық тіл олимпиадаларының, әлеуметтік-шығармашылық байқаулардың, халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялардың қатысушылары мен жеңімпаздары.
Студенттерімізді жетістіктерімен құттықтап, оқуда, спортта және ғылымда одан әрі табыстар тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ