Altynsarin institute Ахмет ауылының түлектеріне есігін айқара ашты

Altynsarin institute Ахмет ауылының түлектеріне есігін айқара ашты

Altynsarin institute қабырғасында бүгін ашық есік күні өтті. Қостанай облысы Жангелді ауданы Ахмет ауылының А.Байтұрсынов атындағы орта мектептің 11 сынып оқушылары, арасында ұстаздық мамандықты таңдаған түлектер де бар, өңіріміздегі жалғыз педагогикалық оқу орнында болды.

Ашық есік күнін ұйымдастырудағы мақсат - мектеп оқушыларын ЖОО атмосферасына тарту, мектеп оқушыларының институт мамандықтары туралы хабардар болу деңгейін арттыру, сонымен қатар институттың оң имиджін қалыптастыру; білім беру қызметтері нарығында институттың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Оқу ордасының ақпараттық-кешенді кітапханасының меңгерушісі Сәрсенкүл Қуандыққызы мектеп оқушыларын қарсы алып, институт бойынша экскурсия жасады. Мектеп түлектері оқу орнының ішкі құрылымымен, материалдық-техникалық базасымен танысып, білім ордасының оқытушылар қауымымен кездесті. Әсіресе кітапхана мен мұражайдан үлкен әсер алды.
«Институтымыздың басшылығы талапкерлерге оқу үдерісін өз көздерімен көруіне барлық жағдайды жасап отыр. Біз мектеп оқушыларына ЖОО білім алудың мүмкіндіктерін көрсеткіміз келді», – дейді Сәрсенкүл Қуандыққызы.

5

Мектеп оқушыларымен кездесу барысында педагогикалық ұжым және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының жетекшісі Мейіргүл Несіпбекқызы Оспанбекова институт туралы, оқу мүмкіндіктері туралы ақпарат беріп, гранттар, өту баллдары мен оқу ақысына кеңінен тоқталды.
Соңында мектеп оқушыларына Ы.Алтынсарин атындағы педагогикалық институттың барлық білім беру бағдарламалары туралы бейнеролик көрсетілді.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, Ашық есік күндерін өткізу институт үшін жақсы дәстүрге айналып отыр.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ