Altynsarin institute-де қаржылық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Altynsarin institute-де қаржылық қауіпсіздік мәселесі талқыланды

Мемлекет басшысының халықты қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді жақсарту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Altynsarin institute-ң профессорлық-оқытушылық құрамы мен қызметкерлері Қаржы мониторингінің Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің мамандарымен кездесті.

Іс-шараның мақсаты – қатысушыларды жеке қаржылық қамтамасыз ету негіздерімен, қаржылық алаяқтықтың әртүрлі түрлерімен және қаржылық қамтамасыз етудің негізгі ережелерімен таныстыру.

7

Кездесу барысында департаменттің тергеу басқармасының орынбасары Құсайынов Азамат Есімжанұлы қаржылық қылмыстар саласындағы ең өткір әлеуметтік мәселелерге тоқталды.
Кездесу қонағы қаржылық сауаттылық негіздері, интернетте алаяқтықтың алдын алу шаралары, оның ішінде банк карталарына қатысты, онлайн-сауда, сонымен қатар қаржылық пирамида элементтері бар желілік маркетинг белгілерін тану туралы айтты.

8

Сондай-ақ, жиын қатысушыларына халық арасында жиі кездесетін қаржы пирамидаларының қызметі мен оның салдары туралы мәлімет беріліп, бүгінгі күні кеңінен танымал қаржылық пирамидалар туралы бейнероликті ұсынылды. Спикердің айтуынша, алаяқтар әлеуметтік желілерде белсенділік танытып, қатысушыларды түрлі маркетингтік әрекеттермен қызықтырып тартады. Бүгінде елімізде қаржылық пирамидалардың сайттарына 600-ден астам сілтеме бұғатталған екенін жеткізді.
Altynsarin institute басшылығы Қостанай облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне халықтың қаржылық сауаттылығын арттыруға қосқан үлесі үшін алғысын білдіреді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ