Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша кездесу

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша әлеуметтік топтар арасында түсіндіру жұмыстары аясында Altynsarin institute ұжымы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлерімен кездесті.

Жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің превенция басқармасының ІІБ офицері Болат Рустем және Арқалық бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімнің бастығы Нұрбол Мұратұлы қатысты.
Іс-шараның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың заңнамалық негіздерін түсіндіру, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік атмосферасын қалыптастырудағы әрбір адамның, әсіресе педагогтың рөлін талқылау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

10

Кездесу барысында спикерлер институт ұжымын қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына енгізілген өзгерістермен таныстырды. Сондай-ақ заңсыз материалдық сыйақы мен пара алу үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған туралы еске салып кетті.
Атап айтқанда, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік шарасы – 600 АЕК айыппұл (ҚР ӘҚБтК 677 – бабы), қылмыстық үшін – мүлкі тәркілене отырып, пара сомасының 20 еселенген мөлшеріндегі айыппұлдан 15 жылға дейінгі мерзімге дейінгі бас бостандығынан айыру (ҚР ҚК 366-бабы).

11

Сонымен бірге, ведомство өкілдері жиналғандарды айтылған заңнамасы мен корпоративтік адалдық стандарттарын сақтауға ғана емес, сонымен қатар өскелең ұрпақты нөлдік тәртіпті қалыптастыру жұмысына белсенді түрде тартуды жалғастыруға, кез келген құқық бұзушылыққа төзбеушілік, қоғамда адалдық қағидаттарын тәрбиелеуге шақырды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар арасындағы кездесу ашық диалог түрде өтті. Барлық сұрақтарға жан-жақты және сауатты жауаптар берілді.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ