Altynsarin institute оқытушылары үздіктер қатарында!

Altynsarin institute оқытушылары үздіктер қатарында!

2023 жылғы 26 мамырда Астанада «Бөбек» жалпыұлттық қозғалысы» қауымдастығы түрінде заңды тұлғалар бірлестігінің ұйымдастыруымен «Жастар және ғылым: Тәуелсіздіктің жаңа бағыттары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Конференция барысында «ТМД үздік оқытушысы» және «ТМД үздік жас ғалымы» байқауларының қорытындысы бойынша ТМД-ның үздік оқытушылары мен ғалымдары марапатталды.
Лауреаттар қатарында Altynsarin institute «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілі мен әдебиеті орыс тілінде оқытатын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті» ББ оқытушылары Нұрсәлі Қуаныш Сабыржанұлы мен Нұрсәлі Әйгерім Сабыржанқызы бар. Ұстаздарымыз ғылым мен білімнің дамуына қосқан үлесі үшін 2-дәрежелі дипломдармен, арнайы «ТМД үздік оқытушысы-2023», «ТМД үздік жас ғалымы-2023» төсбелгілермен марапатталды.

2

Жобаның ұйымдастырушылары атап өткендей: «ТМД үздік оқытушысы» және «ТМД үздік жас ғалымы» халықаралық жобаларының негізгі мақсаты – жас ғалымдардың маңызды және инновациялық жобаларын анықтау, ғылыми қызығушылықтарын ілгерілету және ғылымды дамытудың біріктіруші ортаны құру».
Шара аясында жинақтардың тұсаукесері өтті. Бұл халықаралық жобаның іріктеуінен өткен қатысушылардың ғылыми мақалалары қамтылған «Үздік педагог-2023», «Үздік жас ғалым-2023» кітап жинақтарының кезекті шығарылымдары.
Айта кету керек, бұл байқау жыл сайын өткізіледі және ол педагогтардың, жас ғалымдардың ғылым мен жеке жетістіктерін насихаттауға бағытталған жоба. Биыл халықаралық жобаға Беларусь, Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан және басқа елдердің халықаралық ынтымақтастық және ғылымды одан әрі интеграциялау аясында түрлі салалардағы проблемалар бойынша ғылыми зерттеулермен айналысатын ғалымдар қатысты.
Жеңімпаздарымызды құттықтай отырып, үлкен табыстар мен жоғары ғылыми жетістіктер тілейміз!!!

 

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ