Altynsarin Institute-да «Күмбірле домбыра» атты сайыс өтті

Altynsarin Institute-да «Күмбірле домбыра» атты сайыс өтті

1 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтында «Күмбірле домбыра» атты сайыс өтті.

Мақсаты – профессор-оқытушылар құрамы, қызметкерлер мен және студенттер арасныда домбыра аспабындағы күй құдыретін насихаттау, күйді дәріптеп, нақышына келтіріп орындау, институт домбырашылар оркестрін жасақтау болды.
Қатысушыларға халық күйлері «Тепең көк», «Балбырауын», «Жастар», Нұрхан Ахметбековтің «Жеңіс», Нұрғиса Тілендиевтің «Әлқисса», Құрманғазының күйі «Адай» мен жерлесіміз Бораш Әбеновтің «Желдірмесі» сынды 7 күйді нақышына келтіре орындау талап етілген.
150 қызметкерден құралған «Адай», «Сарыарқа», «Алатау», «Ақжелең», «Сарапжап» сынды 5 команда ұлттық өнерге деген құрметін мүдірместен күй шерте дәлелдей түсті.
Байқауға «Музыкалық білім» ББ профессор-оқытушылар құрамы мен Б.Байқадамов атындағы балалар музыка мектебінің мұғалімдері басшылық жасағандығын айта кетейік.

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ