«Линия успеха» өзінің жазғы маусымын ашады!

«Линия успеха» өзінің жазғы маусымын ашады!

Күні кеше Арқалық қаласының іргесіндегі Көктау ауылында орналасқан «Құрылысшы» балалар сауықтыру базасында «Линия успеха» педагогикалық жасақтың жазғы лагерінің ашылуы өтті.

Altynsarin institute «Линия успеха» студенттік педагогикалық жасағы – балалар мен жасөспірімдердің демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын әлеуметтік-педагогикалық қолдау және ұйымдастыру мақсатында құрылған студенттік жастардың бірлестігі. Жазғы маусымның басталуымен педагогикалық ұжым балалар лагерлерінде өз жұмысын бастайды. Айта кетерлігі, балалар сауықтыру лагеріндегі жұмыс - «Педагогикалық білім» бағыты бойынша студенттерді кәсіптік даярлаудың бір бөлігі болып табылады және Altynsarin institute оқу процесі мен алдағы практикалық іс-әрекет арасындағы байланыстың маңызды нысандарының бірі ретінде қарастырылады.
Пед. жасақтың мүшелері - бұл институттың барлық тәрбиелік, қоғамдық, мәдени, спорттық, сауықтыру және басқа да іс-шараларының белсенді қатысушылары. Сонымен қатар, белсенділер тобы мерекелік концерттерді, кездесулерді, қоғамдық шараларды және басқа да шараларды ұйымдастыруға көмектеседі және оларға тікелей қатысады.

2

Жыл бойы студенттер жазғы лагерьлерде балалармен жұмыс істеуге дайындалады: педагог-ұйымдастырушы қызметінің құқықтық негіздерін, балалардың жас ерекшеліктерін, балалардың кикілжіндерін және оларды жеңу стратегияларын зерттейді; балаларға алғашқы медициналық көмек көрсету әдістеріне үйренеді; спорттық және шығармашылық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу әдістері және т.б.анықтайды. Нәтижесінде педагогикалық топ авторлық бағдарламаларды әзірлейді, ең шығармашыл, талантты және үздік кеңесшілерді дайындайды, ал жазда алған дағдыларын тәжірибеде бекітеді.
Айта кетерлік жайт, 15 жылдан астам уақыт бойы студенттік педагогикалық жасақ мүшелері жыл сайын оқуын аяқтаған соң жаздың үш маусымында балалар сауықтыру лагерлеріне жұмысқа шығады. Ұзақ жылғы тәжірибе, қалыптасқан дәстүр және ерекше атмосфера жасақты басқалардан ерекше етеді.
«Линия успеха» жасағына тамаша жаз тілейміз!

 

Байланыс


Мекен-жайы: 110300, Арқалық қ., Әуелбеков көш.,17
Тел: 8-71430-7-24-88
Қабылдау комиссиясы: 8-71430-7-11-57
Call center: +77143049502

ТІРКЕЛІҢІЗ