Студенттер үйінде техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау мақсатында дөңгелек үстел өтті
2023 жылдың 15 қыркүйек күні Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық педагогикалық институтының №1 Студенттер үйінің «Мәдениет залында» «Адам өмірінің қауіпсіздігі» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Мақсаты – жатақханада тұратын студенттерді қауіпсіздік техникасын сақтап, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтан өту, ішкі тәртіп ережелерін мұқият орындау және жалпы тұрмыстық электр құрылғыларын пайдаланудың белгіленген тәртібімен таныстыру.
Өңірдегі ауа-райының салқындауына байланысты студенттерге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қағидаларына «Әкімшілік-шаруашылық» бөлімінің еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігін сақтау маманы Сембин Сейілбек Жұмағұлұлы тоқталып өтті. «Жылу тұтынатын қондырғылар мен тұтынушылардың жылу желісін қолдану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары аса маңызды. Сондықтан, техникалық-қауіпсіздік шараларымен мұқият танысыңыздар және ауа-райының құбылмалылығын ескере отырып, денсаулықтарыңызға абай болыңыздар»-деді, ол өз сөзінде.
Сондай-ақ, шараға «Арқалық қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің» бастығы, азаматтық қорғау майоры А.Г.Нургалиев және бөлімнің бас маманы К.С.Жумаканов, «Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар» маманы А.С.Мурзабаев, фельдшер К.И.Бекбосынова, Ішкі қауіпсіздік қызметкері С.Ш.Патов, №1 Студенттер үйінің тәрбиешісі С.Н.Исмаилова және комендант Н.К.Каненова қатысты.
Кездесу соңында жатақхана студенттері өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді. Алдағы уақытта «Әкімшілік-шаруашылық» бөлімі алдын-алу шараларының назардан тыс қалмайтындығын жеткізді.