Altynsarin institute-дағы «Адалдық сағаты»
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Ы.Алтынсарин атындағы АрқПИ іс-шараларының кешенді жоспарын іске асыру шеңберінде 2023-2024 оқу жылы жастар мен ПОҚ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша 2023 жылғы 18 қыркүйек күні Altynsarin Institute-да «Адалдық сағаты» өтті.
Жастардың бойында адалдық қағидаттарын қалыптастыру мақсатында ПОҚ және топ кураторлары барлық білім беру бағдарламаларында парасаттылықтың бейне-сабақтарын, академиялық адалдық мәселелеріне арналған презентацияларды ұйымдастырды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтар және олардың қоғамға қарсы іс-қимыл шаралары бойынша мәселелер көтерілді.
Кураторлық сағат барысында «адалдық» ұғымы, әр адамның өз елінің адал және лайықты азаматы болу міндеті туралы орамды ойлар ортаға салынды.
Сондай-ақ, адалдық – бұл қазақстандық қоғамда, оның ішінде студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті арттыруға, заңнама нормаларын, академиялық адалдықты, студент жастардың білім беру және мәдени деңгейін сақтауға ұмтылуға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлық моделін қалыптастыру.
Сонымен қатар, кездесу модераторлары ЖОО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жүргізіп жатқан жұмысы, қызметкерлердің парасаттылық пен басқа да адамгершілік құндылықтарды насихаттауға қатысуы туралы сөз қозғады.
Бұл ретте студенттер – болашақ мұғалімдер іс-шараға белсенді қатысты. Талқылау барысында олар заңсыздыққа қатысты өз ұстанымдарын білдіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама бойынша сұрақтар қойды.
Айта кету керек, «Адалдық сағаттары» рухани-адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие контекстінде студенттік ортада сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді.